Синоптиктер алдағы күндері Алматыда күн жылынады деген болжам айтып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Синоптиктер алдағы күндері Алматыда күн жылынады деген болжам айтып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Сібір антициклонының арқасында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Ал 10 қаңтардан бастап жылы және ылғалды ауа келіп, ауа температурасы көтеріліп, жауын-шашын болады", - делінген "Қазгидромет" мамандарының Tengrinews.kz жолдаған сауалға берген жауабында.
Алдағы күндерге ауа райы болжамы:
- 6 қаңтарда: көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Секундына 0-5 метрге жететін жел. Түнгі уақытта ауа температурасы -14-16 градус, ал күндіз -5-7 градус;
- 7 қаңтарда: көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Түнде және таңғы уақытта тұман. Секундына 0-5 метрге жететін жел. Ауа температурасы түнгі уақытта -12-14 градус, күндізгі уақытта -2-4 градус;
- 8 қаңтарда: көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Түнде және таңғы уақытта тұман. Секундына 0-5 метрге жететін жел. Ауа температурасы түнгі уақытта -8-10 градус, күндізгі уақытта - 0,+2 градус;
- 9 қаңтарда: көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Секундына 0-5 метрге жететін жел. Ауа температурасы түнгі уақытта -5-10 градус, күндізгі уақытта -2+3 градус;
- 10-12 қаңтарда: көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Секундына 2-7 метрге жететін жел. Ауа температурасы түнгі уақытта 0,-5 градус, күндізгі уақытта -2+3 градус.