Синоптиктер Алматыдағы тұмшаның себебін түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер Алматыдағы тұмшаның себебін түсіндірді Видеодан алынған кадр

Алматыда 2021 жылдың алғашқы күндері тұмша байқалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда 2021 жылдың алғашқы күндері тұмша байқалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Таяуда қаладағы лас ауа көрсетілген ұшақтан түсірілген кадрлар пайда болды. Осы видеодан соң әлеуметтік желі қолданушылары Алматы әуе бассейнінің түтіні мен ластану деңгейін талқылап жатыр.

Роликтің биыл 5 қаңтарда түсірілгені айтылады.

"Алматыдағы тұмша, біз осымен дем аламыз. Бұл сұмдық, дереу бірдеңе жасау керек. Біз кімге айналып барамыз деп ойлайсыз?"- делінген Instagram желісіндегі видеоның сипаттамасында.

"Қазгидромет" өкілдері Алматыдағы тұмшаның себебін түсіндірді.

Синоптиктердің мәліметінше, 1-6 қаңтар аралығында қалада ластаушы заттардың шекті жол берілетін концентрациясының асып кетуі тіркелген. Мұндай жағдайлар көбіне "Алматы Арена" мұз кешенінің маңында, Президенттік саябақ ауданында, Шаңырақ-2 шағын ауданында және әуежай маңында тіркелген.

"Алматыдағы ауа райына Сібір антициклоны әсер етті. Оған қоса, ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болды. 1-2 қаңтарда 500 метр көрінетін тұман, секундына 0-3 метр әлсіз жел байқалды. Ауа температурасы түнде 10 градустан 17 градусқа дейін төмендеді", - деді синоптиктер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 514.12  course up  603.32  course up  6.44  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети