Синоптиктер алматылықтарға ескерту жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер алматылықтарға ескерту жасады Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

Синоптиктер Алматы мен Қазақстанның тағы үш қаласының тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Синоптиктер Алматы мен Қазақстанның тағы үш қаласының тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2024 жылғы 11 желтоқсанда Атырау, Алматы, Жезқазған қалаларында, түнде Өскеменде қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді", - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 481.88   556.79   5.72 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети