Синоптиктер дауылға байланысты ескерту жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Синоптиктер дауылға байланысты ескерту жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қазгидромет" орталығының хабарлауынша, ертең, 3 маусымда Ақмола облысында батыстан, оңтүстік-батыстан қатты жел соғады.
"Ақмола облысының кей жерлерінде түнде желдің жылдамдығы секундына 15-20, күндіз басым бөлігінде 15-20, екпіні 23-28 метрге дейін жетеді", - деп ескертті мамандар.
Сонымен қатар, метеорологтар Астана қаласында батыстан және оңтүстік-батыстан жел соғып, жылдамдығы 15-20, күндіз екпіні 23 метрге дейін үдейтінін ескертті.
Сондай-ақ, Алматы ТЖД оңтүстік астанада да жел күшейіп, жаңбырдың жауатынын ескертті, мамандар дауыл кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауды еске салды.
Мамандардың айтуынша, Алматыда қатты жауын жауып, найзағай ойнайды, желдің күші секундына 15-20 метр болады.
Еске сала кетейік, бұған дейін синоптиктер алдағы үш күнде Қазақстанның басым аймағында тұрақсыз ауа райы сақталып, кей жерлерде қатқақ күтілетінін хабарлаған болатын.