Синоптиктер алдағы күндерге ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
Синоптиктер алдағы күндерге ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, бүгін, 23 шілдеде Астанада түнде және таңертең тұман күтіледі. Ал күндіз найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін, солтүстік, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.
Сондай-ақ, бүгін Ақмола облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтілетіні айтылады. Солтүстік, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Күндіз кей жерлерде найзағай болады, бұршақ жаууы мүмкін.