Синоптиктер Астанадағы тұманның себебін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Синоптиктер Астанадағы тұманның себебін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қазгидромет" мамандарының айтуынша, өңірде суық ауа массаларының жылы ауамен алмасуы тұманның түсуіне себеп болды.
"Қазір суықтың көлденең бағытта ауысуы салдарынан адвективті тұман байқалып отыр. Яғни оңтүстік циклондар суық ауа массаларымен алмасып жатыр. Алдағы күндері қалың тұман Астанадан бөлек солтүстікте, солтүстік-батыс пен шығыста да байқалатын болады. Көріну мүмкіндігінің нашар болуы тұманға байланысты", - дейді инженер-синоптик Саида Бердібекова.
Еске сала кетейік, Астананы 1 қарашадан бері тұман басып тұр. Әлеуметтік желілерде тұман кезінде түсірілген фотосуреттер толып кетті. Қолданушылар қала қорқынышты немесе қиял-ғажайып фильм түсіруге қолайлы болып тұр деп қалжыңдап жатыр.
Бұған дейін қарашаның басында еліміздің көп бөлігінде ең жоғарғы температура 2-10 градус жылы аралығында, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста 8-18 градус жылы аралығында болатыны хабарланған еді. Мұндай температура климаттық нормадан 3-8 градусқа жоғары.