01 мамыр 2022 | 16:30

Синоптиктер ауа райына байланысты ескерту жасады

Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Ауа райына байланысты Қазақстанның бірнеше өңірінде ескерту жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Ауа райына байланысты Қазақстанның бірнеше өңірінде ескерту жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2 мамырда түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде ауа температурасы 3 градус аязға дейін төмендейді. Оралда түнде 02 мамырда топырақ бетінде 3 градус шамасында үсік күтіледі.

Ертең Ақмола облысының солтүстік жартысында солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, 15-20, екпіні секундына 23 метр болады. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 3 градус үсік күтіледі. Көкшетау қаласында 02 мамырда солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні секундына 15-20 метр күтіледі. Түнде топырақ бетінде 3 градус үсік күтіледі.

Павлодар облысының солтүстігінде найзағай. Күндіз солтүстік жартысыңда жел солтүстік-батыстан, екпіні 15-20 метр күтіледі. Павлодар қаласында күндіз 02 мамырда солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр күтіледі. 

2 мамырда күндіз Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы, тау бөктерлі аудандарда найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы, тау бөктерлі аудандарда секундына 15-20 метр Шымкент қаласында 2 мамырда күннің соңында найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні секундына 15-20 метр. Түркістан қаласында 2 мамырда күннің екінші жартысында найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні секундына 15-20 метр.

2 мамырда күндіз Қызылорда облысының оңтүстігінде найзағай, дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен соғады, күндіз облыстың орталығында, оңтүстігінде күші секундына 15-20 метр күтіледі.

Қарағанды облысының шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метр күтіледі.

2 мамырда түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, батысында, күндіз солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстік-батысында, шығысында секундына 15-20 метр, екпіні 23 метр соғады. Өскеменде 2 мамырда күндіз найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан күндіз екпіні секундына 15-18 метр күтіледі. Семей қаласында 2 мамырда түнде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні секундына 15-20 метр күтіледі.

2 мамырда Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні секундына 15-20 метр. Қостанайда күндіз 02 мамырда солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр күтіледі.

2 мамырда түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз басым бөлігінде 15-20, екпіні секундына 23-28 метр күтіледі. Петропавл қаласында 2 мамырда түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз секундына 15-20, екпіні 25 метр күтіледі.

2 мамырда Маңғыстау облысының оңтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Облыстың батысында, шығысында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20 метр күтіледі. Ақтауда 1 мамырда шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан екпіні секундына 15-20 метр күтіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети