Синоптиктер ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жасады. Мамандар 2018 жылдың 29 наурыздада ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
Синоптиктер ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жасады. Мамандар 2018 жылдың 29 наурыздада ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
"29 наурызда Ақмола облысының кей жерлерінде көктайғақ, жаяу бұрқасын, тұман күтіледі. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші түнде кей жерлерінде секундына 15-20 метр, күндіз басым бөлігінде 15-20, кей жерлерінде екпіні секундына 23-28 метр күшейеді", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, синоптиктер еліміздің бас қаласы мен бірнеше облысындағы ауа райына тоқталып кетті.
Астана қаласында 29 наурызда кей уақыттарда көктайғақ, жаяу бұрқасын, тұман күтіледі. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан жел соғады күші секундына 15-20 метр болады.
29 наурызда тәулік бойы Қостанай облысының жел 15-20, екпіні секундына 23 метр, кей жерлерінде көктайғақ, тұман күтіледі.
29-31 наурызда Қызылорда облысының кей жерлерінде оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жел, найзағай күтіледі.
29 наурызда Жамбыл облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде 15-20 екпіні секундына 23-28 метр күтіледі.
Тараз қаласында таңертең және күндіз 29 наурызда оңтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15-20, кей уақытта секундына 23-28 метр күтіледі.