Синоптиктер 2016 жылдың 20-22 тамыз күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
Синоптиктер 2016 жылдың 20-22 тамыз күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, оңтүстік тропосфералық ағындармен Қазақстанның батыс облыстарында Иран аудандарынан өте ыстық ауа соғуы жалғасады. Сондықтан мұнда бұрынғыша өте ыстық, максималды ауа температурасы 32-38 градусқа дейін, ал жекелеген аудандарда 40-42 градусқа дейін ыстық болады деп болжанып отыр. "Республиканың басқа аумағына Кар теңізінде қалыптасқан салқын атмосфералық фронт пен ауа массасы әсер ете бастайды. Олармен солтүстік, орталық және шығыстың жекелеген аудандарында жаңбыр жауады, температура төмендейді, яғни қалыптыдан төмен және қалыпты болады (оңтүстік-шығысты қоспағанда, 18 тамызда өткен тәулікте температура 3-8 градусқа дейін климаттық нормадан жоғары болды)", - деді мамандар.
Сондай-ақ, еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында айтарлықтай жауын-шашынсыз ауа райы болып, дүйсенбі күні ауа температурасының төмендеуі күтілетіні айтылады.