Синоптиктер демалыс күндері ауа райы қандай болатынын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер демалыс күндері ауа райы қандай болатынын айтты

Синоптиктер алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, демалыс күндері күн суытады.

"Қазақстанға Карск теңізі аумағынан суық және ылғулды ауа массалары келеді, сол себептен демалыс күндері күн суытады және жаңбыр күтіледі, солтүстік, орталық және шығыс аудандарда жаңбырдың соңы қарға ауысуы ықтимал.  Оңтүстік шығыста жексенбі және дүйсенбі күндері жаңбыр, таулы аймақтарда сулы қар және ауа температурасы үсікке дейін төмендеуі болжанады", - деді синоптиктер.

Батыс облыстарда да ауа райының ауысуы күтіледі. Демалыс күндері жаңбыр және ауа температурасы төмендейді. Егер де максималды ауа температурасы +30+36 болса, сенбі күні +15+20, оңтүстік батыста +23+28, яғни орташа көпжылдық мәндеріне жақын. Территорияның өзге аумақтарында ауа температурасы климаттық мөлшерден 2-6 градусқа төмен болуы мүмкін.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети