© Тұрар Қазанғапов
Синоптиктер 2016 жылғы 23-25 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Синоптиктер 2016 жылғы 23-25 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қазгидромет" өкілдерінің айтуынша, Сібір антициклонының сілемдері демалыс күндері Қазақстанның барлық дерлік аумағында ауа райын анықтайды. Сондықтан, көптеген облыстарда жауын-шашын күтілмейді, ал аяз сақталады.
"Дүйсенбі күні антициклон шығысқа қарай жылжи бастайды, Қазақстанға Иран аудандарынан ауа келіп түсетін болады, температура көтеріледі. Тек батыс облыстарда қар, бұрқасын және температураның төмендеуі күтіледі", - деп хабарлады мамандар.