Синоптиктер 10-12 тамыз аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
Синоптиктер 10-12 тамыз аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері жаңбыр мен екпінді жел тұрып, ауа температурасы төмендейді.
"Республика аумағына Таймыр аудандарынан келетін терең және ылғалды циклон әсер етеді, соның әсері жаңбыр, екпінді жел және ауа температурасының төмендеуін алып келеді. Кей жерлерде найзағай, жеке аудандарда - қатты жаңбыр, бұршақ және екпінді жел болуы мүмкін деп күтілуде. Солтүстік және шығыста ауа температурасы +12...+17 дейін төмендейді, кей жерлерде +23...+28 жылы, батыс пен оңтүстікте +23...+28, кей жерлерде +33 градусқа дейін жылы болады", - делінген "Қазгидромет" мамандарының хабарламасында.
Сондай-ақ, синоптиктердің мәліметінше, 10-11 тамызда Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай, ал 10 тамызда бұршақ, дауыл болуы мүмкін.