29 наурыз 2018 15:34

Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде қатты жел соғатынын ескертті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде қатты жел соғатынын ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" орталығына сілтеме жасап.


Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде қатты жел соғатынын ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" орталығына сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше,  Жамбыл, Қостанай, Қызылорда облыстар бойынша дауылды ескерту жарияланды.

30 наурызда тәулік бойы Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, көктайғақ, жел 15-20 м/с күтіледі.

30-31 наурызда Қызылорда облысының кей жерлерінде шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып соғатын 15-20, екпіні 23-28 м/с жел, шквал, тұман күтіледі.

30-31 наурыз күндері Жамбыл облысында оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, кей жерлерде 15-20 м/с, 30 күндіз, 31 наурызда тәулік бойы екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Тараз қаласында 31 наурызда тәулік бойы оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23-28 м/с күтіледі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети