"Казгидромет" өкілдері EXPO-2017 көрмесінің ашылу салтанатында ауа райы қандай болатыны жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Казгидромет" өкілдері EXPO-2017 көрмесінің ашылу салтанатында ауа райы қандай болатыны жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Астанада 5 маусымнан кейін күн суытады. Түнгі уақытта ауа температурасы +2…+7 градус, ал күндіз +15…+20 градус шамасында. Маусым айындағы орташа ауа температурасы шамамен +20 градус, нормадан сәл жоғары. Ал бір айдағы жауын-шашынның мөлшері - 37 мм", - деді орталықтың директоры Марина Шмидт.
Сондай-ақ, ол алдағы жазда ауа райы қандай болатынын айтып берді. Оның айтуынша, жаздың бірінші жартысы жауын-шашынды болады.
"Жаздың бірінші жартысы жауын-шашынды болады. Ел екінші жартысында құрғақ ауа райы күтіледі. Ал Астанада 5 маусымнан кейін күн суытады", - деді Марина Шмидт. Синоптиктердің мәліметінше, республика бойынша маусым айының бірінші жартысы жауын-шашынды болады.