Синоптиктер Қазақстанда аптап және жаңбыр болатынын ескертті

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер Қазақстанда аптап және жаңбыр болатынын ескертті Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Синоптиктер Қазгидрометтің 22, 23 және 24 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Синоптиктер Қазгидрометтің 22, 23 және 24 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жаңбыр және тұман

Атмосфералық фронтал бөліктердің өтуіне байланысты елдің батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі, ал 22 және 24 шілдеде Қазақстанның батысында – күшті жаңбыр, күндіз бұршақ, дауыл болады, қалған аймақтарда жауын-шашынсыз ыстық ауа райы сақталады.

Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі, оңтүстікте және оңтүстік-батыста құмды дауыл болады. Түнгі және таңғы уақытта елдің солтүстігі мен шығысында тұман болжанады.

Ауа температурасы қандай болады?

22-23 шілдеде Ақтөбе облысының оңтүстігінде күндіз өте қатты ыстық болады – 40 градусқа дейін, Алматы облысының батысы, солтүстігі және орталығында – 42 градусқа дейін.

Батыс өңірлерде күндізгі ыстық 35-39 градусқа, Қазақстанның оңтүстік-батысында 38-42 градусқа дейін жетеді. 24 шілдеде Қостанай облысының оңтүстігінде 35 градус, орталық өңірлерде 35-38 градус, республиканың оңтүстігінде 40-42 градус, оңтүстік-шығысында 35-39 градусқа дейін ыстық болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 488.18   559.6   6.65 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +28
Астана +27
Ақтау +23
Ақтөбе +22
Атырау +23
Б
Балқаш +27
Ж
Жезқазған +27
Қ
Қарағанды +29
К
Көкшетау +25
Қ
Қостанай +34
Қызылорда +29
П
Павлодар +29
Петропавл +27
С
Семей +29
Т
Талдықорған +25
Тараз +30
Түркістан +19
О
Орал +26
Ө
Өскемен +29
Ш
Шымкент +29

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер