Синоптиктер Қазақстандағы 18–20 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Tengrinews.kz "Қазгидромет" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Болжам бойынша, 18-20 маусым аралығында елдің басым бөлігінде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды және жел күшейеді.
Мұндай ауа райына атмосфералық фронттардың өтуі мен биіктегі ойыстың ықпалы себеп болады.
Солтүстік, оңтүстік, оңтүстік-шығыс және орталық аймақтарда кей жерлерде нөсер жауып, бұршақ түсуі және желдің күшеюі болжанады. Бұл ретте 19–20 маусымда Қазақстанның батысында аптап ыстық күтіледі - термометр бағаны +40…+43 градусқа дейін көтерілуі мүмкін. Елдің басқа аумақтарында ауа температурасының айтарлықтай өзгеруі болжанбайды.
Астанаға арналған ауа райы болжамы
18 маусым: күн құбылмалы, өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 7–12 метр, күндіз екпіні 15 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +17...+19 градус, күндіз +30...+32 градус болады.
19 маусым: күн құбылмалы, өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 7–12 метр, күндіз екпіні 15 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +18...+20 градус, күндіз +31...+33 градус болады.
Алматыға арналған ауа райы болжамы
18 маусым: күн құбылмалы, күндіз өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3–8 метр, күндіз екпіні 15–18 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +20...+22 градус, күндіз +31...+33 градус болады.
19 маусым: күн құбылмалы, өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3–8 метр, күндіз екпіні 15–18 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +19...+21 градус, күндіз +30...+32 градус болады.
Тағы оқыңыз: Қазақстанда 2026 жылдың жазы қандай болады: синоптиктер болжамы