1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Синоптиктер келесі жылдың алғашқы күндерінде ауа райының қандай болатынын айтты

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Синоптиктер келесі жылдың алғашқы күндерінде ауа райының қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, 31 желтоқсан және 2 қаңтар аралығында Қазақстан аумағы арқылы циклон өтеді, ол Каспийдің оңтүстігінде түзіліп, солтүстік-шығысқа бағыт алады. Осыған байланысты республиканың барлығына жуық облысында қалың қар жауып, боран соғады, желдің жылдамдығы секундына 18-28 метрге дейін жетеді.

"Еліміздің оңтүстігінде жауын-шашынды болады, жаңбыр мен қар жауып, тұман түседі, көктайғақ және кей жерлерде желдің жылдамдығы секундына 15-25 метрге дейін жетеді. Сонымен қатар, Ресейдің Еуропалық аумағында пайда болған суық антициклон Батыс Сібірге ауысады. Ал оның әсері Қазақстанның солтүстігіне жетіп, ауа температурасы түнде 23-32 градусқа дейін төмендейді", - деді синоптиктер.