Қазақстан аумағында күрделі метеорологиялық жағдай күтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап. Алдағы үш тәулікте ауа-райын алдымен суық атмосфералық фронт, содан кейін оңтүстік циклон анықтайтын болады.

"Республиканың солтүстігі мен шығысында бұрқасынды қар жауып, күшті батыс желі соғады. Еліміздің батысы мен орталығына, сондай-ақ кей жерлерге қар жауады, бірақ күндізгі температура - 3 тен + 3-ке дейін болады, бұл жерлерде көктайғақ болады деп күтіледі", - деді "Қазгидромет" мамандары.
Қазақстанның оңтүстігінде 2-желтоқсанда күндіз, 3-желтоқсанда оңтүстік-шығысында температура плюс 2… плюс 10 градусқа дейін көтеріліп, жауын-шашын түседі, жаңбыр жауып, аяғы сулы қарға ұласады, сондай-ақ екпінді оңтүстік-батыс желі де күтілуде. Жолдарда, әсіресе қала сыртында өте абай болыңыздар.