01 қыркүйек 2023 | 15:09

Синоптиктер қыркүйекте ауа райы қандай болатынын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Сурет ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Синоптиктер қыркүйектегі ауа райы болжамы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Синоптиктер қыркүйектегі ауа райы болжамы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мамандардың айтуынша, биыл күз күнтізбелік мерзімде келеді. Қыркүйектің алғашқы күндерінде Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр, кейде қатты, екпінді жел, найзағай, бұршақ және ауа температурасының төмендеуі күтіледі. Елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда түнде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болуы мүмкін.

"Ауа райының тұрақсыз сипаты республиканың басым бөлігіндегі терең циклонға байланысты болады", - деп түсіндірді "Қазгидромет" РМК.

Батыс аймақтарда ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады. Айдың басында батыста, содан кейін Қазақстанның солтүстік-батысында ауа температурасының көтерілуі болжанады:

  • республиканың батысында түнде +7+18-ден +13+22 градусқа дейін, күндіз +23+30-дан +28+35 градусқа дейін;
  • солтүстік-батыста (Қостанай облысы) және елдің солтүстігінде түнде +2+10-дан +10+18 градусқа дейін, күндіз +10+18-ден +20+25 градусқа дейін;
  • Ақтөбе облысында: түнде +3+13-тен +10+18 градусқа дейін, күндіз + 17+25-тен +20+28 градусқа дейін жылынады;

Қазақстанның орталық және оңтүстік өңірлерінде температура ауытқуы мүмкін:

  • орталық өңірлерде түнде + 7 + 15-тен +5+10 градусқа дейін, күндіз +15+23-тен +20+28 градусқа дейін;
  • елдің оңтүстігінде түнде +5+15-тен +10+18 градусқа дейін, күндіз +17+27-ден +23+30 градусқа дейін;
  • республиканың оңтүстік-шығысында түнде +8+15-тен +2+10 градусқа дейін, күндіз +21+28-ден +17+23 градусқа дейін, таулы аудандарда +10 градустан +20 градусқа дейін.

Республиканың шығысында түнде ауа температурасы +5+15-тен +2+10 градусқа дейін, күндіз +20+27-ден +17+22 градусқа дейін, таулы аудандарда +15-тен +12 градусқа дейін төмендейді деп күтіліледі.

Қыркүйектің екінші және үшінші онкүндігінде республиканың солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде ауа температурасы түнде +5+13-тен 0+5 градусқа дейін ауытқып, 3 градусқа дейін аяз болуы мүмкін. Күндіз + 18+27-ден+10+15 градусқа дейін. Елдің оңтүстік жартысында ауа едәуір жылы болады, кейбір күндері ауа күндіз +20+25-тен +28+33 градусқа дейін қызады.

"Жалпы, бір айдағы орташа ауа температурасы республиканың басым бөлігінде нормаға жуық, ал Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбенің солтүстік-батыс жартысында, Қостанайдың солтүстігінде және Солтүстік Қазақстан облыстарының қиыр солтүстік-батысында нормадан 1 градусқа жоғары болады деп күтіледі", - деп толықтырды синоптиктер.

Қыркүйекте жауын-шашын мөлшері республиканың көп бөлігінде нормаға жақын болады. Қазақстанның оңтүстік-батысында, орталығында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында нормадан төмен болуы мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети