02 маусым 2015 15:37

Синоптиктер маусым айына арналған ауа райы болжамын жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Хenomorph.ru © Хenomorph.ru

Синоптиктер маусым айының ауа райы болжамын жариялады. "Қазгидромет" кәсіпорны баспасөз қызметінің Tengrinews.kz тілшісіне берген мәліметі бойынша, айдың басында Қазақстанның басым бөлігінде күн жылы болады.


Синоптиктер маусым айының ауа райы болжамын жариялады. "Қазгидромет" кәсіпорны баспасөз қызметінің Tengrinews.kz тілшісіне берген мәліметі бойынша, айдың басында Қазақстанның басым бөлігінде күн жылы болады.

Ведомствоның мәліметінше, жауын-шашынның айлық көрсеткіші республиканың көп аумағында нормадан жоғары болуы мүмкін, ал Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында нормадан төмен болады. Алдағы үш күнде батыс пен шығыстағы өткінші жаңбырға, найзағайға қарамастан елде ыстық ауа райы сақталады. Айта кетейік, найзағай кезінде желдің жылдамдығы секундына 13-20 метрге дейін жетеді. Шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарда антициклон таралады және ауа температурасы жоғары болады. Бұл кезеңде температура нормадан 3-10 градусқа жоғары болады.

Демалыс күндері оңтүстік циклон әсерінен елдің көп бөлігінде жауын-шашын болуы мүмкін. Басқа аймақтарда бұл күндері желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейіп, найзағай ойнайды. Синоптиктердің мәліметінше, осыдан кейін температура төмендеуі мүмкін. Күндіз: батыста 7-8 маусымда 18-25 градус; солтүстік-батыста, солтүстікте 8-10 маусымда 13-20 градус; оңтүстікте 9-10 маусымда  20-27 градусқа дейін; оңтүстік-шығыста 10-11 маусымда 18-25 градус; шығыста 11-12 маусымда 13-23 градус болады.

Айдың ортасы мен соңында температураның төмендеуі күтіліп отыр. "Айдың ортасында және үшінші онкүндіктің басында күн салқындайды", - деді баспасөз қызметіндегілер.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети