Синоптиктер Наурыз мейрамында ауа райының қандай болатынын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер Наурыз мейрамында ауа райының қандай болатынын айтты © Tengrinews.kz

Синоптиктер Наурыз мейрамында ауа райының қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер Наурыз мейрамында ауа райының қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап.

19-23 наурыз аралығында Қазақстанның басым бөлігінде күн алабұлтты, жауын-шашынсыз болады. "Ауа температурасы солтүстікте, шығыста және еліміздің орталығында түнде 3-8 градус аяз, ал күндіз 2-10 градус жылы болады. Дегенмен батыста скандинавиялық циклонға байланысты ауа райы тұрақсыз болады. Түнде температура 0-5 радус аяз болса, күндіз 0-5 градус жылы болады", - деді синоптиктер.

Мамандардың мәліметінше, келесі аптаның басында скандинавиялық циклон батыс бағытта жылжи отырып, Қазақстанның басқа да аумақтарын қамтиды. "Наурыз мейрамы (22 наурыз) қарсаңында солтүстік аумақтарда ауа температурасы түнде 5-10 градус суық, ал күндіз 0-8 градус жылы болады. Ал оңтүстік аймақтарда түнде 0-5 градус жылы болса, күндіз 10-20 градусқа дейін күн ысиды", - деді синоптиктер.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети