Синоптиктер наурызда ауа райы қандай болатынын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер наурызда ауа райы қандай болатынын айтты

Синоптиктер наурызда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер наурызда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері Қазақстанда көктемге тән тұрақсыз ауа райы күтіледі.

Республиканың солтүстік бөлігінде кей жерлерде қар, бұрқасын, көктайғақ болжанады. Оңтүстік бөлігінде жауын-шашын (арты жаңбырға ұласатын қар), тұман, көктайғақ. Ауа температурасы солтүстік бөлігінде түнде 0...5, кей жерлерде 10 градус аязға дейін, күндіз 0...5 жылыға дейін көтеріледі; оңтүстік бөлігінде түнде 0...5, кей жерлерде 10 градус жылыға дейін, күндіз 10...18 жылыға дейін көтеріледі.

5-7 наурыз аралығында Ресейдің оңтүстік бөлігі аймағынан келген суық антициклон бүкіл Республиканың аумағында ауа температурасының төмендеуіне себеп болады. Солтүстікте, шығыста, орталықта сынап бағанасы түнде 10...15, кей жерлерде 20 градус аязға дейін төмендейді; батыста оңтүстікте, оңтүстік-шығыста түнде 2...7 градус аязға дейін төмендейді.

Халықаралық әйелдер күні және демалыс күндері ауа райы қайта жылынады, күндіз батыста, оңтүстік-батыста 3...8 градус жылыға дейін; солтүстікте, шығыста, орталықта 0...5 аязға дейін; оңтүстікте, оңтүстік-шығыста 10...15 жылыға дейін жылынады.

Мамандардың айтуынша, айдың екінші жартысында суық қайтуы мүмкін.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады

Валюта бағамы

 522.24  course up  611.66  course up  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети