Синоптиктер қолайсыз ауа райына байланысты алматылықтарға ескерту жариялады

© omskzdes.ru

Синоптиктер ?олайсыз ауа райына байланысты алматылы?тар?а ескерту жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы ТЖД баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Синоптиктер қолайсыз ауа райына байланысты алматылықтарға ескерту жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"27 мамырда кешке жаңбыр, найзағай, бұршақ жаууы мүмкін. Жел 2-7, найзағай кезінде екпіні секундына 15-20 метр болады", - деп хабарлады ТЖД мамандары.

Осыған байланысты, Департамент Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарына ескертеді:

Реклама
Реклама

- қырағы болыңыз, табиғи құбылыстардағы өзгерістер мен шектеулерге қатысты ақпаратты қалт жібермеңіз;

- көшеде бағаналардан, ағаштардан, жарнама щиттерінен, ЭЖЖ сүйеніштерінен және сымдардан алшақ жүруге тырысыңыз;

- ағаштардан және ескі үйлерден көлігіңізді алыс қойыңыз;

- құрылыс нысандары қолайсыз ауа райында халықты және территорияны сақтаудың қосымша шараларын қолға алуы тиіс; мүмкіндігінше құрылыс нысандарындағы құрылыс-монтаждау жұмыстарын шектеу.

Төтенше жағдай бола қалса "112" телефон номеріне қоңырау шалыңыз.

Еске сала кетейік, бұған дейін "Қазгидромет" мамандары бірнеше облыста дауылды ескерту жариялады.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама