Синоптиктер Астана, Алматы және бірнеше облыс тұрғындарына дауыл болатынын ескертті

25 Мамыр 2018, 16:13
0
Синоптиктер Астана, Алматы және бірнеше облыс тұрғындарына дауыл болатынын ескертті - © pixabay.com
© pixabay.com

Синоптиктер 26-28 мамыр күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері жаңбыр жауып, температура төмендейді.

"Алдағы үш тәулікте Қазақстанға Баренцево теңізі ауданынан суық және ылғалды ауа массаларының келуі жалғасады. Бұл атмосфералық фронттар республиканың көптеген облыстарына жауын-шашын әкеліп, кей жерлерде қатты жаңбыр жаудырып, күн күркіретіп, дауылды жел соқтырады. Ауа температурасы, қысқа мерзімді жоғарылағаннан кейін, қайтадан алдымен солтүстікте төмендей бастайды, ал дүйсенбі күні суық ауа массалары Қазақстанның шығыс және оңтүстік-шығыс аудандарына келіп жететін болады", - деп хабарлады синоптиктер.

Сондай-ақ,  "Қазгидромет" мамандары Астана, Алматы қалаларында және еліміздің бірнеше облысында дауылды ескерту жариялады.

26-27 мамырда Ақмола облысында онтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, түнде кей жерлерінде 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, кей жерлерінде екпіні 23-28 м/с. Кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі, бұршақ болуы мүмкін.

Астана қаласында күндіз 26 градус, тәулік бойы 27 мамырда кей уақытта найзағай күтіледі, бұршақ болуы мүмкін, онтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, 15-20 м/с, күндіз 26-27 мамырда екпіні 25 м/с.
Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95 пайыз.

26 мамырда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, аймақтың басым бөлігінде 15-20, күндіз кей жерлерінде 23-28 м/с күтіледі.

26 мамырда Солтүстік Қазақстан облысы бойынша солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с күтіледі. Жаңбыр, кей жерлерде қатты, найзағай, дауыл, бұршақ болуы мүмкін.
Петропавлда 26 мамырда солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Жаңбыр, күндіз қатты, найзағай, дауыл, бұршақ болуы мүмкін.

27 мамыр кешке бірқалыпты жаңбыр болжамына және 28 мамырда тәулік бойы Алматы облысында және Алматы қаласында 28 мамырда Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстарының өзендерінде қатты жаңбыр болжамына байланысты судың тасуы және бүйірлік ағынның қалыптасуы күтіледі.

Получить короткую ссылку

Тегтер:

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай