Синоптиктер қолайсыз ауа райына байланысты Ақмола облысында ескерту жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер қолайсыз ауа райына байланысты Ақмола облысында ескерту жариялады

Синоптиктер қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазгидромет" орталығының мәліметінше, 30-31 шілдеде Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл соғады және бұршақ жауады.

"Ақмола облысында шілденің 30 және 31-нде солтүстік-шығыстан жел соғып, күші секундына 15-20 метр болады, күндіз 30 шілдеде екпіні секундына 25 метрге дейін жетеді. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Ақмола облысының кей жерлерінде 31 шілдеде түнде қатты жаңбыр күтіледі. Астанада 30-31 шілдеде найзағай болып, бұршақ жауады, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - секундына 15-20 метр. Дауылды ескертудің ықтималдылығы 80-85 пайыз.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 505.71  course up  591.04  course up  6.66  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети