Сирияда жүздеген қазақстандықтың соғысып жатқаны жалған - саясаткер

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сирияда жүздеген қазақстандықтың соғысып жатқаны жалған - саясаткер Фото liter.kz сайтынан

Саясаткер Ерлан Қарин Сирияда жүздеген қазақстандық азамат соғысып жатыр деген қауесетке сенбеуге кеңес беріп отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Саясаткер Ерлан Қарин Сирияда жүздеген қазақстандық азамат соғысып жатыр деген қауесетке сенбеуге кеңес беріп отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Қазір Сирияда немесе Ауғанстанда екі жүз, тіпті үш жүз қазақстандық азамат соғысып жатыр дейді. Ол ақпарат шындыққа еш жанаспайды. Негізі, өткен жылы болған ақпарат (Сирияға қазақстандықтардың аттанғаны туралы - авт.) бұл, шын мәнісінде, Қазақстанға қарсы бағытталған ақпараттық соғыс деуге болады. Жарнаманың бір формасы болса керек. Оның негізгі мақсаты - сол аймақтарға қосымша адамдарды тарту", - деді Е.Қарин бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында. 

Саясаткер атап көрсеткендей, бүгінде терроризм бұл тек жарылыс пен атыс-шабыс қана емес, оны үлкен ақпараттық соғыс деп те түсіну керек. Сондықтан шынайы және жалған ақпаратты ажырата білген жөн.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети