1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Сирия бойынша кездесу 14-15 наурызда өтеді - ҚР СІМ

Астанада Сириядағы жағдайды реттеу бойынша кезекті кездесу 14-15 наурызда өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ басшысы Қайрат Әбдірахмановқа сілтеме жасап.

"Кепіл елдер Астанада Сириядағы жағдайды реттеу бойынша кеңестерді алдын ала 14-15 наурызда өткізуге қатысты кеңестерді жалғастырып жатыр. Женевада айтылған мерзім сақталып отыр", - деді Әбдірахманов журналистерге. 

Оның айтуынша, кепіл елдер кездесудің деңгейі мен форматын анықтап жатыр.

Әбдірахмановтың сөзінше, "сириялық реттеу бойынша процесске қатысушылардың басым бөлігі Астана процесінің барысын жағымды баға беріп, Астанадағы келіссөздерсіз Женевадағы соңғы өткен кездесу мүмкін болмас еді дейді".