16 ақпан 2017 | 12:12

Сирия оппозициясының тоғыз қарулы тобы Астанадағы келіссөзге қатысуға келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

"Астана-2" келіссөздеріне қарулы сириялық оппозицияның тоғызт обының өкілдері келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ өкілі Айдарбек Тұматовқа сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

"Астана-2" келіссөздеріне қарулы сириялық оппозицияның тоғызт обының өкілдері келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ өкілі Айдарбек Тұматовқа сілтеме жасап. 

"Өзге тараптардың барлығы кеше келген, бүгін сириялық оппозиция өкілдері келді. Оларды Мухаммад Аллуш - Джаиш әл-Ислам тобының өкілі бастап келді. Түрік үкіметінің делегациясы да осында, өкілдіктері жоғары деңгейде деп айта алмаймын. Оппозиция өкілдері тоғыз адам, яғни, әр топтан бір адамнан", - дейді келіссөз алдында ҚР СІМ Азия және Африка департаментінің директоры Айдарбек Тұматов.

Оның айтуынша, "Астана-2" қорытынды келіссөз, ал Сирия өкілдері арасында келіссөздер 23 ақпанда Женевада басталады. 

"Тараптар қорытынды сөз мәтінін қарастырады. Оқ атуды тоқтату трежимінің орындалуын қадағалайтын жедел топ құру мәселесі талқыланып жатыр. Сонымен бірге, оқ ату тоқтатылған аудандарға бірнеше елді мекендерді кіріктіру мәселесі де қарастырылып отыр, бұл Астанадағы келіссөздердің маңызды бөлігі", - деп атап өтті ол. 

Еске салайық, Астанада 15-16 ақпанда Сириядағы жағдайды реттеу бойынша тағы да отырыстар өтеді. Бұл жолы Ресей тарапы Астанадағы кездесуге АҚШ өкілдерін шақырды.

Мұның алдында келіссөздерге қатысатындығын Ресей, Иран, Туркия, Иордания және Сирия Араб Республикасының үкімет растаған болатын. Сонымен бірге, кепіл мемлекеттердің ұсынысын қабылдаса, сириялық қарулы оппозиция өкілдерінің келетіні хабарланған

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети