10 қаңтар 2019 | 14:11

Сирияда бірнеше қазақстандық өлім жазасына кесілген - ҰҚК

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық сурет © REUTERS Иллюстрациялық сурет © REUTERS

Сирияда лаңкестердің қолынан қаза тапқан бірнеше қазақстандықтар туралы мәлімет бар. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департамент басшысы Бақытбек Рахымбердиев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Сирияда лаңкестердің қолынан қаза тапқан бірнеше қазақстандықтар туралы мәлімет бар. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департамент басшысы Бақытбек Рахымбердиев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Үгіттеушілер, әсіресе шетелдік, Интернет арқылы біздің азаматтарды үгіттей бастады. Бұл үгіттеу шаралары әлеуметтік желі арқылы жүзеге асырылды. Ондағы керемет өмір жайлы суреттелген. Онда өмір әділетті, барлық діни заңдар сақталатыны айтылып, осылайша адамдарды қызықтырған", - деді Рахымбердиев Сыртқы істер министрлігінде өткен баспасөз конференциясында. 

Оның айтуынша, қазіргі уақытта ұрыс алаңдарында - Сирия, Ирак және Ауғанстанда - шамамен 380 қазақстандық жүр. Олардың көбісі - әйелдер, олармен бірге 400-500-ге жуық балалар тұрып жатыр екен. 

"Олар сонда барып, жағдайдың басқа екенін түсінген. Ешқандай әділдік жоғын аңғарған. Онда мұсылмандар мұсылмандармен соғысып жатыр. Бір топ екінші топпен және сол секілді. Олар сонда түскен соң, қайтадан шығу мүмкін емес. Бұл үшін өлім жазасына кесілуі де мүмкін. Қашпақшы болған бірнеше қазақстандықтың өлтірілгені туралы мәлімет бар", - деді Рахымбердиев. 

Сириядан қайтарылған жеті қазақстандық терроризмге қатысы бар деген күдікке ілінді

Еске салайық, 5-6 қаңтарда Сирияда қазақстандықтарды құтқару операциясына "Жусан" аты берілді. Ақорда баспасөз қызметі құтқару шарасы туралы деректі видеоролик ұсынды. Әскерилер мен құтқарушылар 5 қаңтарда Ақтаудан ұшып шықты. Ұшақта гуманитарлық көмек, алғашқы қажетті заттар, тамақтану жиынтықтары салынған пакеттер болды. 

47 қазақстандық Сириядан қайтарылды: Назарбаев үндеу жасады

Эвакуация орнына қазақстандық күштер 5 қаңтарда 15:45-те жетті. Видеода балалар үшін қолайлы ұшу шаралары жасалғаны көрсетілген, оларды тамақтандырып, кітаптар мен ойыншықтар берді. Кейбір ер адамдарды ұшаққа көзін жауып кіргізді. Қазақстандықтар отырған борт Ақтауға 6 қаңтарда түнгі сағат екі шамасында қонды. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети