04 шілде 2017 11:46

Сириядағы жағдайды реттеуге қатысты келіссөздер: Не талқыланады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов ҚР сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов

ҚР сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Сириядағы жағдайды реттеуге қатысты келіссөздерге қатысатын делегациялардың Астанаға келгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Сириядағы жағдайды реттеуге қатысты келіссөздерге қатысатын делегациялардың Астанаға келгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министр БАҚ өкілдеріне алдағы уақытта үкімет пен Сирия Араб Республикасы қарулы оппозициясының өкілдері келіссөздер жүргізетінін айтты. Қазіргі уақытта делегациялар екіжақты тәртіпте келіссөздер жүргізіп жатыр. 5 шілдеде келіссөздер жалғасып, күн тәртібіндегі мәселелерге қатысты қорытынды шешімдер шығарылады.

"Бастапқыда төрт деэскалация аумағын құру туралы меморандумды қалай жүзеге асыратынымыз жайлы талқылау керек. Бұл меморандумға Ресей, Түрік Республикасы, Иран сияқты гарант елдер қол қойған болатын. Бұл меморандумды жүзеге асырудағы басты мәселе осы аумақтың шекараларын анықтау, сондай-ақ, ол аумақтардың қалай бақыланатынын шешу. Сондай-ақ, меморандумда шекара маңында бақылау-өткізу пунктері болатыны көрсетілген", - деді министр журналистерге.

Қайрат Әбдірахмановтың айтуынша, Астана процесі барысында гарант елдер Сирия Араб Республикасының аумағын минасыздандыру мәселесін талқылайды.

Сонымен қатар, министр Астанадағы келіссөздерде қарулы оппозицияның өкілі кім болатынын және ол Қазақстан астанасына келді ме, жоқ па деген сұраққа жауап берді.

"(...) Астанадағы алаңға Сирия қарулы оппозициясының 9 өкілі келді. Олар қазіргі уақытта елордада", - деді ҚР Сыртқы істер министрі.

Айта кетейік, Сириядағы жағдайды реттеуге қатысты келіссөздердің төрт раунды өткен еді: 23-24 қаңтарда, 15-16 ақпанда, 14-15 наурызда және 3-4 мамырда.

Еске сала кетейік, 23 қаңтарда Астанада Сириядағы жағдайды реттеуге қатысты келіссөздер басталған болатын. Келіссөздер елордадағы Rixos President Astana мейманханасында жабық тәртіпте өтіп жатыр. Сондай-ақ, осыған дейін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Сирия мәселесі бүгінде Таяу Шығысты ғана емес, бүкіл әлемдік қауымдастықты алаңдатып отырғанын атап өткен еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети