Сириядағы жағдайды реттеуге қатысты келіссөздер Астанада 23 қаңтарда өтеді - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сириядағы жағдайды реттеуге қатысты келіссөздер Астанада 23 қаңтарда өтеді - БАҚ © Тұрар Қазанғапов

Түркияның сыртқы істер министрлігінің басшысы Мевлют Чавушоглу Астанада өтетін Сириядағы жағдайды реттеуге қатысты келіссөздердің 23 қаңтарда болатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркияның сыртқы істер министрлігінің басшысы Мевлют Чавушоглу Астанада өтетін Сириядағы жағдайды реттеуге қатысты келіссөздердің 23 қаңтарда болатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап.

Сондай-ақ, Мевлют Чавушоглу ресейлік сарапшылардың 9-10 қаңтарда Сирияға қатысты келіссөздерді талықылауға дайындалу үшін Түркияға келетінін айтты.

Еске сала кетейік, осыған дейін Сирияның шамамен он оппозициялық тобының өкілі Дамаск тарапынан ереже бұзушылықтар болғандықтан, Астанада келіссөздерді өткізуді тоқтата тұратындарын мәлімдеген болатын. "Дамаск тарапынан бұл бұзушылықтардың жалғасып жатуына байланысты оппозициялық топтың өкілдері Астанада өтетін келіссөздерге қатысты барлық мәселені талқылауды тоқтататындарын мәлімдеді", - делінген еді оппозициялық топтың үндеуінде.

Сондай-ақ, Ресей мен Түркия көшбасшылары Сириядағы қақтығысушы тараптар арасындағы ахуалды бейбіт реттеуге арналған келіссөздерді Астанада өткізуге мүдделі екендіктерін білдірген болатын. Нұрсұлтан Назарбаев бұл бастаманы қолдап, Қазақстан елордасында мұндай келіссөздер жүргізу үшін қажетті жағдай жасауға дайын екенін мәлімдеген болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети