01 тамыз 2014 | 17:37

Сириядағы жауынгерлер туралы бейнероликке сараптама жасалады

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Сириядағы қазақша сөйлеп жүрген жауынгерлер түсірілген бейнероликке қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдары Сириядағы содырлар қатарына, атап айтқанда сүнниттердің "Ислам мемлекеті" тобына Қазақстанның кем дегенде 16 азаматының қосылғаны туралы хабар таратқан еді. 

Иконка комментария блок соц сети

"Бейнероликті әзірлеу жағдайына, сондай-ақ оған қатысқан тұлғаларға қатысты тексеру шаралары жүріп жатыр. Сонымен бірге, бейнероликте діни алауыздықты қоздыру белгілері бар екені ескеріліп, оған тиісті сараптама тағайындалды. Оның нәтижесі шықпайынша, роликті жария етпеуге немесе қайта трансляцияламауға кеңес береміз", - делінген Tengrinews.kz-тің ресми сауалына қайтарылған жауапта.

Еске сала кетейік, шілденің ортасында Интернетте Сириядағы жауынгерлер түсірілген бейнероликтің пайда болғаны туралы хабарланған еді. Экстремистер автоматтармен, ескі пулеметтермен қаруланған, видеодан зенит зеңбірегін, жүк көлігін және Сирияның туын көруге болады. Әбу-Әниса атты жігіт өз мақсаттары туралы қазақ тілінде баяндап жатыр.

Роликті әзірлегеннен кейін жауынгерлердің Иракқа қарай шыққаны туралы ақпарат тараған болатын. Иракта ислам халифатын құру үшін соғыс болып жатыр. Видеода соғыста екі жауынгердің қаза тапқаны, қалғандарының тағдыры беймәлім екені де айтылады. Таралған ақпарат бойынша, соңғы бірнеше ай ішінде Таяу Шығыстағы соғысқа Қазақстаннан жүзден астам азамат аттанған.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети