Қазақстандықтарды Сириядан эвакуациялау операциясы 7 және 9 мамыр аралығында өтті. Оларды елге оралту үшін Ақтау әуежайынан ұшақ шыққан болатын. Нәтижесінде Ақтауға 231 адам қайтарылды, - деп хабарлайды "Лада".
Қазақстандықтарды Сириядан эвакуациялау операциясы 7 және 9 мамыр аралығында өтті. Оларды елге оралту үшін Ақтау әуежайынан ұшақ шыққан болатын. Нәтижесінде Ақтауға 231 адам қайтарылды, - деп хабарлайды "Лада".
"Өздеріңмен бірге тек керек заттарды алып жүріңдер", - деп айтқан екен қазақстандықтарға арнайы қызметкерлер.
"Жусан-2" операциясы нәтижесінде 59 әйел адам мен 156 бала елге оралды. Олардың ішінде 18 жетім болған. Балаларға ойыншық дайындап қойған. Балаларды арнайы қызметкерлер қолдарына ұстап жүрген. Олардың арасында сәбилер болған. Құтқарылғандардың арасында 27 жастағы әйел үшінші баласының дүниеге келгеніне небәрі жеті күн болғанын айтқан. Оның сөзінше, екі баласы мен жұбайы Иракта бомбаның астында қалып, қаза тапқан.
Бірнеше бала жарақаттарына байланысты ауыр халде медициналық мекемеге жеткізілген. Әйелдер мен балалар оңалту орталықтарына жеткізіліп, дәрігерлер мен психологтардың қарауында. Елге қайтарылған қазақстандықтар 16 халықаралық террорситік ұйымдардың қатарында болған.
Сириядан еліміздің азаматтарын эвакуациялау жұмыстары жалғасып жатыр.
Айта кетейік, осыған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 231 қазақстандықтың Сириядан эвакуацияланғаны туралы мәлімдеме жасады.