"Жусан" операциясы арқылы жуырда Сириядан оралған төрт ақтөбелік терроризмді насихаттады деген күдікпен 2 айға қамауға алынды, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.
"Жусан" операциясы арқылы жуырда Сириядан оралған төрт ақтөбелік терроризмді насихаттады деген күдікпен 2 айға қамауға алынды, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.
Олардың үшеуі ер адам болса, біреуі - әйел адам. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметіндегілер хабарлаған. Күдіктілерге елге оралған бойда кісен салыныпты. Қазір тергеу шаралары басталды.
"Терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру, әлеуметтік, ұлттық және діни алауыздықты қоздыру, террористік топтың әрекетіне немесе оның жасайтын терроризм актілеріне қатысқан деп күдіктелген А.Алмағамбетова, Д. Төреханов, Қуанов және Сабитұлына қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану негізді деп танылды. Қаулы заңды күшіне енді", - деді облыстық соттың баспасөз қызметінің жетекшісі Анар Айтжанова.
Еске салайық, жыл басынан бері "Жусан" операциясы арқылы елге 275 адам оралды. Олар Ақтаудағы оңалту орталығына орналасқан. 20-сы террорлық топтарға қатысы бар деген күдікпен қамауға алынды. Сирияда ДАИШ қатарында соғысқандар 20 жылға дейін сотталуы мүмкін.