Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

Сирияға аттанбақ болған 12 ақтөбелікке қатысты үкім шықты

12 Шілде 2016, 12:12
2
© Tengrinews.kz
© Tengrinews.kz

Ақтөбе қаласының №2 сотында Сирияға аттанбақ болған 12 ақтөбелікке қатысты үкім шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан.

Олардың ең кішісі 20 жаста, үлкені 57-де. Сот үкімімен олар ауыр қылмыс жасады деп танылды, нақтырақ айтқанда лаңкестік топтың қызметіне немесе оның жасап жатқан террористік актілеріне қатысуға оқталу, лаңкестік және экстремистік қызметін қаржыландыру және терроризмге немесе экстремизмге астыртын дем берушілік жасады деп танылды. Сот үкімімен 12 адам кінәлі деп танылып, 6 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Олардың мүлкі тәркіленеді.  

Ақтөбе, Ақмола, Қызылорда облыстарының тұрғындары Сирияға барып, ДАИШ лаңкестік ұйымының құрамында қарулы қақтығыстарға, сонымен қатар олар жасап жатқан актілерге қатыспақ болған. Олар өз жоспарын жүзеге асыру үшін лаңкестік ұйымның мүшелерімен Интернет арқылы байланысқа түсіпті. Бұл мақсатта олар Өзбекстан мен Қырғызстан азаматтарының атына қолдан куәлік жасаған. Сонымен қатар, сот бір сотталушының оларға қаржылай көмек көрсеткенін анықтады. 

© Tengrinews.kz

Еске салайық, биыл 19 ақпанда Ақтөбеде діни экстремистік топтың 12 мүшесі ұсталған болатын. Облыстық прокуратурадағылардың айтуынша, олар Сирияға барып, қарулы қақтығыстарға қатыспақ болған. Олардың ісіне байланысты сотқа дейінгі өндіріс басталған еді.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (2)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай