"СК-Фармация" дәрі-дәрмек бағасын 2-3 есеге қымбат cатқан - Қожамжаров

© sk-pharmacy.kz

?Р Мемлекеттік ?ызмет істері ж?не сыбайлас жем?орлы??а ?арсы іс-?имыл агенттігіні? т?ра?асы ?айрат ?ожамжаров "СК-Фармация" ЖШС-та жым?ырыл?ан а?шалар?а ?атысты тергеуді? ?алай ж?ргізіліп жат?анын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров "СК-Фармация" ЖШС-та жымқырылған ақшаларға қатысты тергеудің қалай жүргізіліп жатқанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жақында Президент дәрі-дәрмек бағасы жайлы айтып өткен болатын. Қазақстанда дәрі-дәрмек өте қымбат. Беларусьпен, Ресеймен, Өзбекстанмен салыстырғанда қымбат. Сіздер "СК-Фармация" басшылығының қамауға алынғанын білесіздер. Тергеу жүріп жатыр. Бұл істі сотқа дейін жеткіземіз. Қылмыстық жолмен табысқа жету мақсатында дәрі-дәрмек бағасы екі-үш есе қымбат бағамен сатылып отырған", - деді Қайрат Қожамжаров журналистерге.

Еске сала кетейік, биыл қазан айында "СК-Фармация" басшысы тұтқындалып, компаниядан 1,8 миллиард теңгенің қолды болғаны хабарланған болатын.

Реклама
Реклама

"2015-2017 жылдары "СК-Фармация" ЖШС және "КазСибФармацея" ЖШС-ның басшылары 1,8 миллиард теңгені жымқырған. Осыған байланысты Касаткин мен "КазСибФармацея" ЖШС-ның басшысы А.О. Ахметовке қатысты тұтқындау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр", - делінген хабарламада.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама