23 қазан 2020 | 07:34

"СҚ-Фармация" басшысы қанша жалақы алатынын айтты

Фото © primeminister.kz

"СҚ-Фармация" басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев қанша жалақы алатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"СҚ-Фармация" басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев қанша жалақы алатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.

Есқалиев айына миллион 300 мың теңге, орынбасары 900 мың теңге, басқарушысы 450-ден 650 мың теңгеге дейін еңбекақы алады. Оның айтуынша, үш басқарушысы және бір орынбасары бар.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ спикер коронавирустың екінші толқынына дайындық туралы айтты. Қоймада екі айға жететін дәрі жиналған. Олар шамамен 60 мың науқасты емдеуге жетеді.

Бұған дейін "СҚ-Фармацияның" баспасөз қызметіндегілер компанияның штаттық кестесінде салықтарды есептемегенде мынадай жалақы қарастырылғанын айтқан:

- менеджер - 200 000 теңгеден бастап;
- бас менеджер - 350 000 теңгеден бастап;
- әкімшілік-басқару персоналы - 450 000 теңгеден бастап;
- басқарма төрағасын қосқанда, басқарма мүшелері - 750 000 теңгеден бастап. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная