07 тамыз 2020 | 13:03

"СҚ-Фармация" басшысы Ксения Собчакпен түскен суретіне қатысты пікір білдірді

"СҚ-Фармация" компаниясының басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев Instagram-да жариялаған Ксения Собчакпен түскен фотосына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"СҚ-Фармация" компаниясының басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев Instagram-да жариялаған Ксения Собчакпен түскен фотосына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Биыл сәуірде сіздің Instagram-дағы парақшаңызда жұбайыңыз бен Ксения Собчакпен түскен сурет жарияланды. Кейін Instagram парақша жойылды. Бүкіл ел төтенше жағдай режимінде отырғанда сіз банкеттен сурет жарияладыңыз, осыны қалай түсіндіре аласыз?" - деп сұрақ қойды журналист.

Реклама
Реклама

Ерхат Есқалиев сурет 7 жыл бұрын түсірілгенін айтты.

"Ол жерде салмағым 135 келіге жуық болған, қазір 105. Өткен жылы өкпеме күрделі операция жасалды. Фото біз үйде жүргенде карантин кезінде жарияланды. Сурет іс-шарада түсірілген. Танымал адаммен суретке түскім келді, басқа ештеңе емес", - деп жауап берді ол.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная