"СК-Фармацияның" бұрынғы басшысы Берік Шәріпке қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өкілдері айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"СК-Фармацияның" бұрынғы басшысы Берік Шәріпке қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өкілдері айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ведомство мәліметінше, тергеу 361-баптың 4-бөлігінің 3-тармақшасы ("Ауыр салдарға әкеп соққан лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану") бойынша жүріп жатыр.
Қылмыстық кодекске сәйкес, бұл қылмыс жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге немесе мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, сол мерзімге бас бостандығынан айыру туралы жазаны қарастырады.
Еске салайық, мұның алдында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "СК-Фармацияның" бұрынғы басшысының ұсталғаны туралы хабарлаған болатын. Кейін Берік Шәріптің екі ай бойы қамауда болатыны белгілі болды.
Берік Шәріп 1981 жылы Алматыда дүниеге келген.
Әр жылдары денсаулық сақтау құрылымында түрлі позицияларда жұмыс істеді.
2005-2008 жылдары Астана және Оңтүстік Қазақстан облысының Денсаулық сақтау департаменттерінде әртүрлі позицияларды атқарды. 2008-2009 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының медициналық орталығында басқарманың сарапшысы, бас сарапшысы.
2009-2012 жылдары - Департаменттің бас заңгері, Департаменттің бас менеджері, бөлім бастығы, "СҚ-Фармация" ЖШС Басқарушы директоры. 2012 жылдан бастап 2017 жылға дейін - "Президент Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы" РМК бас дәрігерінің орынбасары және стратегиялық даму жөніндегі директордың орынбасары.
2017-2018 жылдары - денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті төрағасының орынбасары, орынбасары. 2018 жылғы мамырдан бастап - "СҚ Фармация" ЖШС басқарма төрағасының орынбасары - Басқарма төрағасының міндетін атқарушы.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!