10 ақпан 2017 | 11:08

"СҚ-Фармация" ЖШС-ға 1,3 миллиард теңге айыппұл салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"СҚ-Фармация" ЖШС-ға антимонополиялық заңнаманы бұзғаны үшін 1,3 миллиард теңге айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрлігінің табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

"СҚ-Фармация" ЖШС-ға антимонополиялық заңнаманы бұзғаны үшін 1,3 миллиард теңге айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрлігінің табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетіне сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасының Монополияға қарсы органы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттарды сатып алу және халықты олармен қамтамасыз ету бойынша бірыңғай дистрибьютор болып табылатын "СҚ-Фармация" ЖШС үстем монополиялық жағдайды теріс пайдалану фактісі аңықтады.

"Астана қаласы соттарының заңды күшіне енген шешімдерімен 2010-2015 жылдар аралығы кезеңінде "СҚ-Фармация" ЖШС дәрілік заттарды сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің сатып алынуын бірыңғай лотпен заңсыз жүзеге асырғаны аңықталды, осылайша басқа да нарық субъектілеріне осы қызметтерді көрсетуге қол жеткізуін шектеді. Сондай-ақ, "СТОФАРМ" ЖШС лоттардың жеңімпаздарына қосымша міндеттерді негізсіз таңуы аңықталды", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, бұл әрекеттердің тауарларды сақтау және тасымалдау қызметтері нарығында бәсекелестікті шектеуге ғана емес, көрсетілген қызметтер құнының өсуіне де алып келуі мүмкін екендігі айтылады.

Сот салған әкімшілік айыппұл сомасы - 1,3 миллиард теңге

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети