"СҚ-Фармацияға" қатысты бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша қылмыстық іс тіркелді, ол тергеліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге деректерді жариялай алмаймын", – деді Елемесов Сенаттағы брифингте.
Еске салайық, 2025 жылғы шілдеде Бас прокуратура "СҚ-Фармация" ЖШС-не қатысты Жоғары аудиторлық палатаның (ЖАП) аудит қорытындысы бойынша сотқа дейінгі тергеуді тіркеген болатын. Сол кезде Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек 35,8 миллиард теңге көлемінде залал келтірілгенін хабарлаған еді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!