Скляр Астана атауын елордаға қайтару туралы ұсынысқа қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Скляр Астана атауын елордаға қайтару туралы ұсынысқа қатысты пікір білдірді

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр депутаттардың Астана атауын елордаға қайтару туралы ұсынысына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр депутаттардың Астана атауын елордаға қайтару туралы ұсынысына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Елорданың атын өзгерту туралы идея қоғамда көптен бері талқыланып келеді. Әрине, бұл назар аударуға тұрарлық. Оны "Жаңа Қазақстан" депутаттық тобы қарауға ұсынды. Менің ойымша, қоғамда талқыланған мәселе Парламентте қаралады деп ойлаймын", - деді Роман Скляр үкімет отырысында.

Ол қоғамның бұған қалай қарайтынын бақылау үшін сәл күтуді өтінді.

Осы мәселеге қатысты өзінің жеке пікірі туралы сұраққа жауап берген вице-премьер оның қызметінің бағыты сәл басқаша екенін атап өтті.

"Әрине мен де Қазақстан Республикасының азаматымын. Менің өз пікірім бар, бірақ мемлекеттік қызметкер ретінде... Ал енді мен сізге мемлекеттік қызметкер ретінде емес, Қазақстан азаматы ретінде жауап берер болсам...... Бұл сұраққа бір кездері мен де жауап берермін. Күте тұрайық. Бұл мәселе кеше ғана көтерілді, ойланып, шешім қабылдауға біраз уақыт керек", - деп қосты Скляр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети