Скляр Тоқаевқа Германиядан тартылатын инвестиция туралы айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Скляр Тоқаевқа Германиядан тартылатын инвестиция туралы айтты Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы премьер-министрдің орынбасары Роман Склярды қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы премьер-министрдің орынбасары Роман Склярды қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Президентке Германиядан инвестиция тартуға, екі елдің бизнес саласындағы ынтымақтастығын одан әрі нығайтуға, Қазақстан экономикасы үшін маңызды саналатын бағыттардағы бірлескен жобаларды іске асыруға қатысты атқарылып жатқан жүйелі жұмыстар жөнінде ақпарат берілді.

Үкіметтің жұмыс тобы осы бағыт бойынша перспективасы бар бағыттар мен жобаларды одан әрі пысықтау үшін тұрақты түрде кездесулер өткізуде.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстандағы машина жасау саласын дамыту үшін жүргізіліп жатқан кешенді жұмыстар туралы баяндалды. Елімізде 119 мың қызметкерді жұмыспен қамтып отырған 3 мыңнан астам машина жасау кәсіпорны бар. Үкімет аталған саланы қарқынды дамыту мақсатымен отандық машина жасау кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, өндірістің көлемін сақтап, өсімін одан әрі қамтамасыз етуге бағытталған қолдау шараларын қабылдауда.

Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіліп жатқан жұмыстардың маңызды екеніне назар аударып, бірқатар нақты тапсырма берді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети