Скляр Тоқаевтың бұйрығына қатысты пікір білдірді

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Павлодар облысын дамыту жөніндегі тапсырмасына пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Павлодар облысын дамыту жөніндегі тапсырмасына пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысы Павлодар облысын дамытуға қатысты берген тапсырмаларының орындалуын жеке бақылайды", - деп жауап берді вице-премьер.

Сонымен қатар, Роман Скляр өңірді дамыту бойынша жоспарларымен бөлісті.

"Естеріңізде болса Мемлекет басшысы өткен жылы 4 қарашада, Екібастұз қаласында моноқалаларды дамыту мәселелері бойынша республикалық кеңес өткенде, Екібастұз өңірін дамытудың кешенді жоспарын қабылдаған болатын. Онда Екібастұз өңірін дамыту туралы айтылды.

Мемлекет басшысының Павлодар облысына сапары барысындағы басты тапсырмалары, тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылым мәселесі, көлік инфрақұрылымы мәселесі, Ертіс өзені арқылы өтетін жаңа көпір құрылысы және т.б. Олар Үкімет тарапынан бақылауға алынып, оларға қатысты жан-жақты шаралар қабылданатын болады", - деп түсіндірді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети