СҚО әкімі күніне қалай 90 мың теңге табуға болатынын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

СҚО әкімі күніне қалай 90 мың теңге табуға болатынын айтты

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Айдарбек Сапаров күніне қалай 90 мың теңге табуға болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Петропавловск.news басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Айдарбек Сапаров күніне қалай 90 мың теңге табуға болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Петропавловск.news басылымына сілтеме жасап.

Сапаровтың айтуынша, қазір облыста дәнекерлеушілер мен металл жонушылар жетіспейді. Аймақ басшысы осы мамандықтарды оқытатын қысқа мерзімді курстар ұйымдастырып, бірінші жартыжылдықта жұмыс күші тапшылығы мәселесін жабуды тапсырған.

"Бізде құрылыс саласында тас қалаушылар жетіспейді. Бұл мамандықты екі айдың ішінде игеріп шығуға болады. Бір шаршы метр кірпіш қалау ақысы 18 мың теңге тұрады. Адам бес шаршы метр жерге қалап, күніне 90 мың табуына болады. Ал бізде адамдар жетіспейді. Бұл жұмысты бірлесіп атқару керек", - дейді СҚО әкімі.

Сондай-ақ облыс басшысы солтүстік қазақстандықтар арасында ақпараттық жұмысты сапалы жүргізуді тапсырған. Облыс тұрғындары қандай мамандықтар сұранысқа ие екенін біліп, жақсы жалақы алулары қажет.

Қазіргі уақытта Солтүстік Қазақстан халқының алты пайызға жуығы күнкөріс деңгейінен төмен жалақы алады. Әсіресе ауылдарда жұмыссыздық жоғары деңгейге жеткен. Жұмыссыздардың басым бөлігі Мағжан Жұмабаев, Ғабит Мүсірепов атындағы, Есіл және Аққайың аудандарында тіркелген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети