Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов Самал Еслямованың ата-анасын құттықтап, қазақстандық актрисаға құттықтау жеделхатын жолдады. Кеше, Солтүстік Қазақстан облысының тумасы Самал Еслямова 71-ші Канн кинофестивалінде үздік актриса атанды. Самал Еслямова Аққайың ауданындағы Аралағаш ауылында дүниеге келген, қазір Петропавл қаласында оның ата-анасы тұрады.

"Өз атымнан және солтүстік қазақстандықтардың атынан сіздерді және Самалды осындай маңызды жеңіспен құттықтаймын! Жерлесіміздің тамаша сомдаған ролінің әлемдегі ең беделді әрі бұрыннан келе жатқан кинофестивальдердің бірінің қазылар алқасын таңғалдырғанын мақтан тұтамыз. Бұған дейін мұндай жүлдені Қазақстанның ешбір актрисасы алып көрген жоқ. Самалға шығармашылықтың берекелі Солтүстік Қазақстан жерінде дарығаны қуантады. Ол осы жерде өсті, тәрбие көрді, мектепте оқыды, өнер колледжінде білім алып, театрда ойнады. Бүгін Самал өңіріміздің ғана емес, бүкіл еліміздің абыройын асқақтатты", - деді Құмар Ақсақалов.
Сонымен қатар, өңір басшысы отандық киноиндустрияның қарыштап дамып келе жатқанын және ол Самал сияқты жарқын дарын иелерінің арқасында екенін атап өтті. Айта кетейік, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі екі жыл қатарынан Канн фестивалінде Қазақстан павильонын ашты. Ол қонақтардың қазақстандық фильмдерге деген қызығушылығын арттырады.