05 қыркүйек 2017 | 15:46

СҚО-да әкім жұмыс уақытында мас күйде көлік жүргізген

ПОДЕЛИТЬСЯ

© misanec.ru © misanec.ru

Солтүстік Қазақстан облысында ауылдық округтің әкімі жұмыс кезінде мас күйде көлік жүргізгені үшін ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Солтүстік Қазақстан облысында ауылдық округтің әкімі жұмыс кезінде мас күйде көлік жүргізгені үшін ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мағжан Жұмабаев ауданы Александровск ауылдық округінің әкімі Этика жөніндегі кеңестің отырысына шақыртылды. Ер адамды тәртіп сақшылары ұстаған.

"Мас күйде көлік жүргізу дерегі бойынша хаттама толтырылды. Қайыргелді Байтақов үш жылға жүргізуші куәлігінен айырылды", - деді СҚО бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы департамент басшысының орынбасары Жанат Жұмабаев.

Ауыл әкімінің сағат 18.30-да ұсталғаны белгілі болды. Қайыргелді Байтақов кінәсін мойындап, енді мұның қайталанбайтынын айтты.

Этика жөніндегі кеңестің мүшелері ер адамның мемлекеттік қызметте жеткілікті еңбек өтілі бар екенін ескере отырып, оған қатаң сөгіс жариялады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети