1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

СҚО-да әкімдіктің үш қызметкері коронавирус жұқтырған

Петропавлда жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 3 қызметкері коронавирус жұқтырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өңірлік Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бастапқыда 31 наурызда бөлімнің бір қызметкерінен коронавирус анықталған. Кейін тағы екеуі жұқтырған.

"Пневмонияға шалдыққан әйел жұмыспен қамту бөлімінде жұмыс істейді. Оның екі әріптесі 49 және 45 жастағы әйелдер. Олар вирусты жұмыста жұқтырып алды деп болжап отырмыз", - деді СҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Сұлтанғазиев.

"Пневмонияға шалдыққан әйел жұқпалы аурулар стационарына жатқызылды. Онымен байланыста болған 73 адам да оқшауланды. Барлығынан сараптама алынды", - деді ол.

Сондай-ақ, брифинг барысында жұмыспен қамту бөлімінің оқшауланып, қажетті дезинфекциялық жұмыстар жүргізілгені айтылды.

Айта кетейік, СҚО-да коронавирус жұқтырғандардың саны 7-ге жетті. Ал Қазақстан бойынша вирусты 402 адам жұқтырған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!