СҚО-да аурухана қызметкері 40 адамды шақырып, той жасаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

СҚО-да аурухана қызметкері 40 адамды шақырып, той жасаған Видео кадры

Солтүстік Қазақстан облысында жас жұбайлар карантин режиміне қарамастан 40 адамды шақырып, той жасаған. Бұл туралы СҚО Прокуратурасының баспасөз қызметі айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Солтүстік Қазақстан облысында жас жұбайлар карантин режиміне қарамастан 40 адамды шақырып, той жасаған. Бұл туралы СҚО Прокуратурасының баспасөз қызметі айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Карантин кезінде өткізілген отбасылық мерекені прокуратура қызметкерлері тоқтатты.

"Отбасылық шараларды ұйымдастыруға салынған тыйымға қарамастан азаматтар ғимарат жалдап, тойға шамамен 40 адам шақырған. Аталған дерек коронавирус жұғу қаупі жоғары болғандықтан өрескел заң бұзушылық қатарына жатады. Мерекені ұйымдастырушы қазіргі жағдайды жақсы түсінетін провизор орталығының қызметкері екені қынжылтады", - дейді СҚО Прокуратурасының баспасөз қызметінің өкілдері. 

Осы жағдай бойынша материалдар Петропавл қаласының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына берілді. Той ұйымдастырушыларына 30 АЕК (83 340 теңге), демалыс орталығының иесіне - 230 АЕК (638 940 теңге) көлемінде айыппұл салынады. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети