Солтүстік Қазақстан облысында "бір терезе" қағидаты бойынша үкіметтік емес ұйымдарды қолдау мақсатында облыстық Азаматтық орталық ашылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
Солтүстік Қазақстан облысында "бір терезе" қағидаты бойынша үкіметтік емес ұйымдарды қолдау мақсатында облыстық Азаматтық орталық ашылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
Орталықтың ашылуына 2018 жылы СҚО ҮЕҰ Азаматтық орталығының жұмысы шеңберінде ("АБҚО" КЕАҚ қолдауымен) ҮЕҰ мен СҚО бейінді мемлекеттік органдары арасында жүргізілген әлеуметтік сауалнама түрткі болды. Сауалнама нәтижесі бойынша, СҚО-да өз қызметін жүзеге асыру кезінде барлық ҮЕҰ бірқатар ортақ қиындықтарға тап болатыны анықталған. Олар: жеткіліксіз қаржыландыру, материалдық базаның әлсіздігі, әлеуметтік жобалау саласындағы қызметкерлердің төмен біліктілігі және жеке кеңсенің жоқтығы.
Бұл ретте қиындықтар бастапқы тіркеу кезінде-ақ пайда болатын көрінеді. Осы проблемаларды шешу ретінде сарапшылар ҮЕҰ-ны тіркеуді жеңілдету және ҮЕҰ үшін жарғылардың, құрылтай құжаттарының, хаттамалардың, бұйрықтардың бірыңғай үлгілері болуын, базасын құру қажеттігін, тегін кеңес беру процедурасын енгізу керек деген тұжырымға келген.
Бұл проблемалар негізінен қаржылық сипатқа ие және ҮЕҰ өз қызметінде пайдаланатын басты қаржы құралдары негізінен үкіметтік емес сектордың мемлекеттік қолдаудың түрлі нысандарына байланысты. Мемлекетке тікелей қатысы жоқ қаржы құралдары өңірдегі ҮЕҰ-да танымал емес. Дегенмен, оларды зерттеу және практикалық қолдану қажеттілігі зерттеу барысында анықталды (гранттар, франчайзинг, әлеуметтік кәсіпкерлік, демеушілік, меценаттық және т.б.). Көптеген ҮЕҰ жаңа қаржы құралдарын пайдалануға ниет білдірді, бірақ мұны қалай істеу керектігін білмейді.
Осы міндеттер мен проблемаларды шешу мақсатында Солтүстік Қазақстан облысында қоғам үшін әлеуметтік маңызды әсерге қол жеткізуде облыстың үкіметтік емес ұйымдарын шоғырландыру үшін, сондай-ақ тәжірибені, білімді, адами әлеуетті, оған кіретін ұйымдарды шоғырландыру үшін «бір терезе» қағидаты бойынша азаматтық орталықтың қажеттілігі туды.
Азаматтық орталықтың қызметі әлеуметтік саясатты іске асырудың тиімділігін арттыру үшін жағдай жасауға, облыстың ҮЕҰ көшбасшылары мен өкілдеріне консалтингтік және консультациялық қызметтер көрсетуге, ҮЕҰ құру және қызметі мәселелері бойынша, оның ішінде Деректер Базасы, Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, мемлекеттік гранттар мен сыйлықтар, Қоғамдық кеңестер, "Атамекен" бағдарламасы және ҮЕҰ үшін басқа да мүмкіндіктер мәселелері бойынша әдістемелік, білім беру және өзге де қызметтер көрсетуге бағытталатын болады.
Орталықтың қызметі барысында СҚО ҮЕҰ әлеуетін күшейтуге бағытталған семинарлар, тренингтер және т.б. өткізілетін болады, сондай-ақ облыстың қоғамдық ұйымдарының өзекті мәселелерін табуға және шешуге бағытталған ұсынымдар әзірленетін болады.